Оқиғалар қоймасындағы оқиғалар санын конфигурациялау

Басқару сервері сипаттары терезесінің Оқиғалар қоймасы бөлімінде Басқару серверінің дерекқорында оқиғаларды сақтау параметрлерін конфигурациялауға болады: оқиғалар туралы жазбалар санын және жазбаларды сақтау уақытын шектеу. Оқиғалардың ең көп санын көрсеткенде, бағдарламалар оқиғалардың көрсетілген санын сақтау үшін диск кеңістігінің долбарлы өлшемін есептейді. Сіз бұл есептеуді дерекқордың толып кетуіне жол бермеу үшін бос диск кеңістігінің жеткілікті ме екенін бағалау үшін пайдалана аласыз. Әдепкі бойынша, Басқару сервері дерекқорының сыйымдылығы 400 000 оқиғаны құрайды. Дерекқордың ұсынылған ең жоғары сыйымдылығы 45 000 000 оқиғаны құрайды.

Бағдарлама дерекқорды 10 минут сайын тексереді. Оқиғалар саны көрсетілген максималды мәннен 10 000 артық болса, бағдарлама оқиғалардың көрсетілген ең көп саны ғана қалуы үшін ең ескі оқиғаларды жояды.

Басқару сервері ескі оқиғаларды жойған кезде, ол жаңа оқиғаларды дерекқорға сақтай алмайды. Осы кезең ішінде қабылданбаған оқиғалар туралы ақпарат Kaspersky Event журналына жазылады. Жаңа оқиғалар кезекке қойылады, содан соң жою операциясы аяқталғаннан кейін, дерекқорда сақталады.

Басқару серверіндегі оқиғалар қоймасында сақтауға болатын оқиғалар санын шектеу үшін:

  1. Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Оқиғалар қоймасы бөлімінде, дерекқорда сақталатын оқиғалардың максималды санын көрсетіңіз.
  3. OK түймесін басыңыз.

Тапсырманы орындау барысына қатысты оқиғаларды сақтау немесе тек тапсырманы орындау нәтижелерін сақтау үшін кез келген тапсырманың параметрлерін өзгертуге де болады. Осылайша, сіз дерекқордағы оқиғалардың санын азайтасыз, дерекқордағы оқиғалар кестесін талдаумен байланысты сценарийлердің жұмыс жылдамдығын арттырасыз және критикалық оқиғаларды оқиғалардың көп санымен ығыстыру қаупін азайтасыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу